Ғажайып кез

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігімен есте қалатыны – қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай көздің жауын алары сөзсіз. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

Олай дейтініміз, күзде егін, шөп, астық, жеміс-жидек, көкөністер піседі. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатым оқушылардың күз айының молшылығын, ди-ханшылардың еңбектерін бағалай білуге, Жер ананы қадірлей білуге үйрету еді.

Осы мерекеге байланысты Әулиекөл бастауыш мектебімізде бір апталық 2 «А» сынып оқушыларының жауапкершілігімен «Алтын күз» атты үлкен іс-шара өтті. Аптаның бірінші күні тәлім сәтінде Алтын күз рөлінде Ақбота Куваничова, Алтын дән рөлінде Аслан Амантаевтың шағын қойылым болды. Сынып аралығында «Ғажайып күз» атты қабырға газеті, 3 сынып аралығында «Кітапша жасай білейік» атты қөрме сайысы өтті. 2-4 сынып аралығында сахналық көріністерден қойылым болды.

Гүлнар НЫСАНБАЕВА,
Әулиекөл БМ 2 «А» сынып жетекшісі
Әулиекөл ауданы

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Толығырақ