Ұстаздарға берері мол

Биылғы оқу жылының басында «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – сапалы білім берудің негізі» тақырыбымен «Жаратылыстану» бірлестігі әдістемелік кеңес өткізді.

Әдістемелік кеңес ойдағыдай өтті. Бірлестік мүшелері кеңестің басталуынан аяғына дейін жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданды. Әріп-тестердің бірлескен жұмыс дағдыларын дамыту және көңіл-күйлерін көтеруге арналған тренингтер, сергіту сәті, топқа бөлу, топтық тапсырмалар (ситуациялық және постермен жұмыс), жеке тапсырмалар түрінде ұйым-дастырылды.

Ұстаздар тәжірибелік қорын толықтырды деп ойлаймын, әсіресе жас мамандар мен деңгейлік курстан өтпегендерге маңызды болды. Әдістемелік кеңес барысында бірлестік мүшелері тақырып аясында жаңаша оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін барынша орынды етіп пайдаланды деген қорытынды жасалды.

Күләйша ҚАРАТАЕВА,
Н.Наушабаев атындағы Затобол МГ «Жаратылыстану» ӘБ жетекшісі

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Әлеумет