Ұжым болып жазылдық

Біз сіздердің газеттеріңізді үзбей жаздырып алып, ұқыптылықпен оқып отырамыз. Сіздің басылымдарыңыз әр ұстазға әдістемелік үлкен көмек беріп келе жатқанын ерекше айтуға тиіспіз. Басылымның әрбір айдары, тың тақырыптағы жариялымдар, қызықты бөлімдер ұстаздар ісін шыңдай түсуге септігін тигізіп келе жатқанына көз жеткізудеміз. Қаншама адамның қиялына қанат, қаламына шабыт келтіріп, барша жанға қуаныш сыйлағаныңызды әр оқырманыңыз білері сөзсіз.

Қостанай ауданы, Глазунов орта мектебінде 42 мұғалім қызмет етеді. Барлығы да – жоғары білімділер, өз істерінің шебері. Үздік ұстаз атанып жүргендері де жетерлік. Ең бастысы – ұжымымыз ұйымшыл.

Жақсы мұғалім баспасөз материалдарымен үнемі танысып, білімдерін жетілдіріп отыруы қажет. Өмір талабы-ның өзі осында. Сондықтан да баспасөзге жазылу бізде бірінші орында тұрады. Биылғы 2016-2017 оқу жылында сүйікті газетіміз «Учительская плюске» ұжым болып 100 пайызға толық жазылдық.

Алдағы уақытта да солай болатынына сенімдімін. Олай болса, газет ұжымына сәттілік тілейміз, оқырмандарыңыз көбейе берсін. Болашақта да жемісті жұмыс, пайдалы кеңес, қажетті әдістерді көптеп жариялай берулеріңізге тілектеспін.

 

Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Глазунов ОМ қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Қостанай ауданы

Выпуск №
Рубрика: Толығырақ