Ұжымда болу – бір бақыт

Алғашқы әріптес. Алғашқы ұжым. Мерейлі мерекеміз қарсаңында мамандығына адалдық танытып, өзге адамды сырттай ғайбаттамай, өз уақыттарын аямай, өзгенің уақытын аялап жүрген №13 орта мектебінің ұжымына алғысымды білдірмекпін.

«Ұжым – тәрбие құралы» деген даналық сөздің мағынасына енді ғана терең бойлағандаймын. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Мұндай теңеулер дәл менің әріптестеріме ғана арналғандай. Әрине, мадақтауларды жалғастыра берсем, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласа берер еді. Ауызбіршілігі жарасқан ұжымда ұлтқа бөлініп, алаламайтын қасиет қалыптасқан. Мектепке жолыңыз түссе, әріптестерімнің рухани жағынан бірін-бірі демеп, ортақ мәмілеге келіп жатқанын жиі байқайсыз. Оларды ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктіріп тұр десек, мұндай жоғары деңгейдегі топқа бірлескен қызмет барысында ғана қол жеткізгендері анық.

Гүлбану САБИТОВА,
№13 ОМ, жас маман
Рудный қаласы

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №