Әлемді оқулық арқылы танимыз

Қазіргі танда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – кітапхана. Кітапхана – кітап арқылы жас жеткіншіктердің ой-өрісін дамытуға тәрбиелей алатын мәдениет орталығы.
Кітапхананың қазынасы – бұл оның ақпараттық ресурстары және мүмкіншіліктері. Жас ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық, бауырмалдық, әділдік қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы өте зор. Бүгінде Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының қоры, кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, қоғамдық мәдени орталық орны болып табылады.
Аталмыш мәдениет орнының кітапханашысы Зарина Мусабаева: «Балалар кітапханасы арнайы дәстүрлі көрмелермен жабдықталады. Кітапхананың жұмыс жоспары бойынша көптеген іс-шаралар, әдеби кештер өткізіліп отырады. Балалар кітапханасына түскен әрбір жаңа әдебиеттер сөрелерінде тұрып қалмай оқырмандар қолына жол тартып тұрады» – дейді.
Мерзімді басылымдардан жас оқыр­ман, ұстаздар да орыс, қазақ тіліндегі мақалалардан, өздеріне керек деректерін, мағлұматтарын алады. Оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің қажетті әдебиеттерді оқуына барлық жағдай жасалған. Кітапхана ісі – мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру, мәдени ағарту қызметінің негізі. Кітапхана өз уақытының деңгейінде болып, мектеп тәрбиесіне атсалысып, балалар мен жеткеншектерді тәрбиелеуде белсене көмек беріп келеді. Кітап – кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы. Балалар кітапханасының қызметкерлері – ол педагогикалық іс-әрекетке тікелей қатысушы, ол тәрбиеші, ол ұстаз. Кіта­пханашылар мектеп пен кітапхананың байланысын үзбей, әр уақытта ұстаздармен бірігіп қызықты шараларды өткізу арқылы балалардың бойына кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыра алады.

Выпуск №
Рубрика: Толығырақ