Басты мақсат орындалды

Колледжде меңгерген кәсіби білім мен біліктілікті біздің студенттеріміз мектеп қабырғасында өткен кезекті машықтамада шыңдап, тәжірибелерін тереңдетіп қайтты. Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясында 4-курс студенттері қыркүйек айының 12-сі мен қазан айының 8-і аралығында байқау машықтамасынан өтті.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер», – деп Ж.Аймауытов айтқандай, сабақ беруде ізденісті қажет етеді.

Жалпы мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы оқыту болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алып сабақ өткізу. Сондықтан, сабақтарға қойылатын талаптар өте жоғары. Машықтама кезінде студенттерге тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алып сабақ өткізумен қатар үш тілділік, пән аралық байланыс, өмірмен байланыс, ғылыми деректер қолдану шарты тұрды.

 

Гүлмира АБДУЛИНА,
Қостанай педагогикалық колледжінің
«Педагогика және психология»
құжырасының оқытушысы
Қостанай қаласы

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Толығырақ