Алтын күз

Сары алтындай сары күз – жиын-терін аяқталып, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айлары. Күз мерекесін еңбек адамдары, ауыл, қала барлық жерлерде атап өтеді. Осынау мейрам біздің мектепке де келіп жетті.

Алтын күз – жер-ана мен табиғаттың адамға берген байлығын паш ету мерекесі. Осыған орай мектебімізде бастауыш
сыныптар арасында «Алтын күз» сайысы өткізілді. Күз дегеніміз – еңбектің қауырт кезеңі болғандықтан 3-сынып оқушылары сахналық көрініспен бастады. Мәселен, Айша Джумабаева мен Жанерке Ерғали мерекелік іс-шараның жүргізушісі болса, Аружан Қойшан «Күз» ертегілер елінен келіп, Осман Жомарт кірпі, Жәнібек Қасымханов қоян болды.

Білім ордасындағы «Алтын күз» мерекесінде әр сыныптан күз аруы мен күз еркесі таңдалып алынды. Бүлдіршіндердің көңілінен шыққан сайыс «Менің құрбым, өнерім бар осындай», «Сән үлгісі», «Жемісті құмыра» секілді бөлімдерімен өрнектелді. Онда оқушылар әртүрлі жеміс болып киініп, өнерлерін, ептіліктерін ортаға салды. Осындай тартымды да тағылымы мол мерекені өткізуге ынта-жігерлерімен өз үлестерін қосқан бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналарына алғысым шексіз.

 

Күлбарам ДОСМАҒАМБЕТОВА,
Шилі ОМ бастауыш сынып мұғалімі
Науырзым ауданы

Выпуск №
Рубрика: Әлеумет