Алтын күз

Күз айы – сондай керемет айлардың бірі. Сары алтындай сары күз – жиын-терін аяқталып, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айлары. Күз мерекесін еңбек адамдары, ауыл, қала барлық жерлерде атап өтеді. Осынау мейрам біздің мектепкеде келіп жетті.

Кешімізге «Бұлт», «Күн» және «Күз аруы» қонаққа келді. Бүлдіршіндер оларды қуана-қуана қарсы алды. Кешіміздің қонақтарына өздерінің өнерлерін паш етті. Жас балғындар тақпақ, ән айтып, мың бұрала би биледі. Бүлдіршіндердің көңілінен шыққан мерекеде «Жемістердің дәмін ажырат» және «Кім жылдам» ойындары ойнатылды. Балалар ойынға қызығушылықпен қатысты. Қонаққа келген «Бұлт», «Күн» және «Күз аруы» бүлдіршіндеріміздің өнерлеріне дән риза болды. Олар балаларға сыйлықтарын таратып қоштасты. Осындай тартымды да тағылымы мол мереке өткізуге ынта-жігерлері мен өз үлестерін қосқан бүлдіршіндер мен ата-аналарына алғысымыз шексіз.

 

Айгерим ҚУАНЫШОВА,
№2 Аманқарағай ОМ шағын орталық тәрбиешісі
Әулиекөл ауданы

Выпуск №
Рубрика: Толығырақ