Бүлдіршіндер шаттыққа бөленді

«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері мерекелі алтын күзге деген өзінің қуаныш сезімдерін сазды ән, тақпақ, билерімен жеткізді.

Күздің керемет байлықтары – жемістер мен көкөністер ортаға шығып өздері туралы тақпақтарын ата-аналарына арнап мәнерлеп оқығандары жү-рекке қуаныш пен жылулық сыйлады. Эстафеталық «Саңы-рауқұлақ пен жапырақтар жинауы», «Жаңбыр» әнін үш тілде сазды орындаулары, «Спорт-тық таяқшалармен флэшмоб», «Гүлдер» билері әр көрер-мендерге ерекше ұнады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мен тәрбие-леу – бүгінгі таңдағы көкей-тесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – ол тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап қоғамға өзіндік пайдасын тигізетін тұлға болып дамуын жетілдіретін, өнерге баулып, талаптарын  шабыттандыратын орын – ол әрине балабақша.

Б.Хасенова,
«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының әдіскері
Шилі ауылы Жангелді ауданы

Рубрика: Әлеумет