Балдырғандар қуанышы

Биыл Юбилейное атындағы ОМ-нің 25 оқушысы ұстаздарымен бірге Рудный қаласындағы «Орбита» балалар орталығында жаңа жыл мерекесін өткізді.

Кішкентай бүлдіршіндер сол күні күннің қатты аяз болғанына қарамастан мерекені сағына күткен Аяз атаны қарсы алуға толық жиналды. Түрлі жаңажылдық киімдерін киіп, қуаныштан беттері бал-бұл жанады. Осы сәтте олардан бақытты жан жер бетінде жоқ сияқты. Олар шыршаны айнала ән салды. Мың бұрала би биледі. Жаттаған тақпақтарын айтып сыйлықтарын да алды.

«Бұл мереке барлығымызға да ұнады. Түрлі костюмдегі ертегі кейіпкерлері балаларды тез баурап алды. Осы орталық қызметкерлері мен ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз», – дейді көпбалалы ана Күнжамал апа.

Н.Донасова,Юбилейное ОМ
бастауыш сынып мұғалімі Таран ауданы

Рубрика: Толығырақ