Бар болсаң – халқыңа пайдаң тисін

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Оның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.

Өмір көрсеткендей, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету т. с. с. мәселелердің қоғамда белен алып жатқаны мәлім. Осыған орай, №2 Аманқарағай орта мектебінде «Бар болсаң – халқыңа пайдаң тисін» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған 8-9 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш басқосуды С.Рахметов, Г.Нұрғожина, Ж.Қо-жахметова ұйымдастырды. Шараның мақсаты әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Самат РАХМЕТОВ,
№2 Аманқарағай ОМ тарих пәнінің мұғалімі
Әулиекөл ауданы

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Әлеумет