Білім мазмұнын жаңарту маңызды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тілшілерге берген сұхбатында білім мазмұнын жаңарту, Қазақстанның үштілділікке қалай өтетіні жайында жан-жақты талдау жасап түсінік берілген.

1 қыркүйектен бастап білім берудің жаңа жүйесіне кезең-кезеңмен көшетінін атап өтті. Білімнің жаңа жүйесіне көшуге мектеп те мұғалімдер қауымы да дайын екендігіне тоқталып өтті.
Министр өз сұхбатында: «Ешкім мектеп пәндеріндегі үштілділікті 1 қыркүйектен бастап міндетті түрде енгізейін деп отырған жоқ. Бағдарламаға сәйкес, тек 10-11 сыныптарда және тек 2019 жылдың қыркүйегінен бастап, төрт пәннен ғана (физика, химия, биология, информатика) сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Сонымен қатар, қазақ тілінде білім беретін мектептерде математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география және басқа пәндер қазақ тілінде өтеді», – деп нақты дәлелдер келтіре отырып, түсіндіріп өтті.
Министр: «Мемлекеттік тілді үйренуге басымдық берілген, солай бола береді де. Оның үстіне, жаппай қазақ тілін үйрету міндетін қойып отырмыз. Үштілділіктің мәні де осында. Орыс тілінде оқытатын мектептерді қоса алғанда, барлық мектептерде қазақ тілі және әдебиетімен қатар Қазақстан тарихы да қазақ тілінде оқытылады. Белгілі бір тілде пәнді оқытпай, сол тілді жете меңгеру қиын екеніне көзіміз жетті», – деп әр адамға түсінікті болатындай етіп жеткізді.
Сұхбатта 2017 жылдан бастап мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі өзгере бастайды деп сенім білдіреді. Бұл айтылғандардың барлығы толық жүзеге асатын болса, 2020 жылға қарай барлық мектеп бітірушілері қазақ тілін еркін меңгеретін болады. Сұхбатта спортқа да ерекше мән берілген. Қорыта айтқанда, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, көп тілді меңгерген, еліміздің патриотын тәрбиелеу ісіндегі жасалып жатқан осындай игілікті істеріміз көп болсын дейміз!

 

Жұмабике Көбжасарова,
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ ДБО тренері 

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №