Денсаулық мерекесі

«Денсаулық марафонына» қатысу үшін жүздеген адам сенбілік таңда орталық стадионға ағылды.
Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Қостанай қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірге
медициналық мекемелердің қызметкерлерін, ЖОО мен колледж студенттерін жинады. Көңілді саздың ырғағымен жаттығу жа-
сағаннан кейін қатысушылар 400 метр қашықтыққа жүгірді.
Барлық қатысушылар мен марафон қонақтары спорттық жарыстан бөлек, өздерінің антропометриялық мәліметтерін, қан-
дағы холестерин мен глюкоза деңгейін, артериалды және көз қысымын өлшеуге мүмкіндік алды.
Игі дәстүрге айналған «Денсау-лық фестивалі» кең ауқымды науқанының мақсаты – салауатты өмір салтын жүргізуге қалың бұқараны тартып, қоғамның назарын аудару. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін Қазақстан халқының дене шынықтырумен, бұқаралық спортпен айналысатындар санын 30 пайызға жеткізуді міндет етіп қойған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірлерде көптеген спорт кешендері бой көтеріп, жаттығу алаңдары салынып жатыр. Салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шаралар саны да жылма-жыл көбейіп келеді. Соның бірі осы акция.
6 маусым мен 11 маусым аралығында облыста науқан аясында флешмобтар, өндірістік жаттығулар және т. б. спорттық шаралар ұйымдастырылды. «Салауатты жұмысшы орындар» ДДҰ жобасына кіретін: «Тэрра» ШҚ, «Қостанай облысының облыстық статистика басқармасы» РММ, «Агромаш холдинг» АҚ, «СарыАрқа АвтоПром» мекемелері үшін алдын ала тексерістер өткізілді.
Салауатты ұрпақ – ел болашағының кепілі. Сондықтан, денсаулыққа мән беріп, спортпен шұғылданған абзал. Фестивальге жиналған жұртшылық осы кеңесті үнемі жадында ұстайтындықтарын айтып жатты.

Екатерина Цой,
Қостанай облыстық
саламатты өмір салтын
қалыптастыру проблемалары орталығының
баспасөз хатшысы

Выпуск №