Елбасы мақаласы – елдікке бастайды

Рухани жаңғыру – әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесін, ұлттық сана-сезімін, ұлттық рухани тамырынан нәр алған құндылықтары мен жаһандық өзгерістерін бойына сіңіруі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы бірден жазыла салған дүние емес. Мазмұнына үңілсек, оның өткенге есеп беріп, болашақты анықтауға бағытталғанын аңғаруға болады. Осылай ғана тәуелсіз ел контексінде ұлт қалыптасады. Мен мақаланы оқыған соң ерекше көңілде болдым, өйткені, ол – ұлт манифесті. Себебі, мақалада тарихтан бастап қазіргі дүрбелеңге толы әлемде біздің орнымызды анықтауға дейінгі мәселелер қарастырылған. Мемлекет басшысы тәрбие, білім беру саласына үлкен мән беріп отыр. Әсіресе, үштілділік мәселесі басты назарда. Ағылшын тілі – әлемдік тіл. Бүкіләлемдік тіл болғаннан кейін біз одан сырт қала алмаймыз. Дегенмен қазақ тіліне басымдық беруге тиіспіз. Біздің мақсатымыз – әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық сананы жаңаша қалыптастыру, басқа елдердің озық тәжірибесін, жетістіктерін бойға сіңіріп, пайдамызға асыру туралы айтқанын
зиялы қауым қуана құптап отыр. Білімге ұмтылу, жақсыға үйрену, жаманнан жиренуді ата-бабаларымыз баяғыда
айтқан. Бұл енді ұлттық идеология-
мызға айналып отыр. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп Елбасымыз баса айтқан болатын. Сондықтанда Президенттің осы бір сөзін барлығымыз мәңгі жадымызда сақтап, жүзеге асыруда әрдайым бір-
лікте болып, қолдауымыз қажет.
Елбасы жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Ол әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді. Елбасы айтқандай осы бағдарламаны жүзеге асыруда Амангелді ауданында да туған елдің гүлденуі үшін өз үлестерін қосып отырған ел азаматтары мен азаматшалары бірқатар елеулі жұмыстар атқаруда. Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор деп білемін. Себебі, бұл жаңғыру өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мүмкіндік береді. Сондықтан заман талаптарына сай өмір сүріп жүрген жастардың түйсігіне сіңдіру мақсатында іс жүзінде жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, күш-жігер салуға ықпал ету үшін насихаттау міндетті.
Елбасы қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтқан болатын. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз. Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып, алға басатын қадамымызды үш ойлап, бір басуымызды ұмытпайық!

Кәмшат АБДИКОВА,
Амангелді аудандық
мәслихат депутаты

Выпуск №