Ілім діңі – білім күні!

IMG_2998Күні кеше ғана күллі қазақ даласаның түкпір-түкпірінде Алтынсарин салған ізбенен алтын қоңырау сыңғырлады. Түйіні дөп, тапсырмасы көп жиналыстардан соң нағыз жұмыстың қыза түсер сәті – 1-қыркүйек. Биыл облыс бойынша 12 мың бала бірінші сыныпқа барып, мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр. Облыс әкімі Перцев елді мекенінде су жаңа мектептің ашылу салтанатында болса, шаһар басшысы №2 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге оқу жылының шымылдығын түрді.

Қостанай облысындағы Перцев ауылының оқушылары жаңа оқу жылында жаңа мектептің табалдырығын аттады. Бұл елді мекендегі негізгі мектептің ғимараты екі жыл бұрын апатты жағдайда деп жарияланған болатын. Содан бері ауыл балалары 15 шақырым қашықтағы Рудный қаласына қатынап оқып келген. Енді ол қолайсыздықтың бәрі артта қалды.

– Мектеп құрылысы екі жылға созылды, – дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. – Оған бюджеттен 650 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Жаңа ғимаратта лингафон және мультимедиалық кабинет жұмыс істейді. Әр сынып компьютермен жабдықталған. Бір сөзбен, ауыл балаларының заман талабына сай білім алуына барлық жағдай жасалған. Барлығыңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Нұрқанат НҮСІПХАН,

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №