Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізді рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасын ұсынған болатын. Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмəн жоқ.
Мақалада айтылғандай, латын қарпіне көшу мәселесі алғаш көтеріліп отырған жоқ. Мемлекет басшысы 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессия­сында және 2012 жылы жария еткен «Қазақстан­-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында, 2025 жылға дейін латын қарпіне көшу туралы қадап айт­қан еді. Елбасы осы ауқымды жобаға уақыт ұттырмай, қазірден бастап кірісуіміз керек екенін жазды. Осыған орай жуырда кітапханамызда «Латын – жана уақыт» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға Қос­танай инженерлік-экономикалық университетінің 1-ші курс студенттері қатысты. Жастарға латын қарпінің енгізілуі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар дебаттар және бір-бірімен диалог ретінде аталған мәселенің төркінін кеңінен аша білді. Осылайша, талқылауға отыр­ғандардың барлығы қатысты.
Әліпби тек мәдениеттің өлшемі, өркениеттің белгісі ғана емес, ол – ұлттың таңбасы, елдіктің айшығы, мемлекеттің тәуелсіздігі
мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі. Бұл тұрғыдан алғанда таңба таңдау – өркениет жолын таңдау деген мағына береді. Сондықтан, таңбасын өзгерту, әліпбиді алмастыру туралы қабылдаған шешімі арқылы, Елбасы қазақ елінің тәуелсіздігін бекемдейтін, тұтастығын нығайтатын, Мәңгілік Ел мұратын тұғырлы ететін тарихи таңдауын жасады деп ойлаймыз.
Кездесуге келген студенттер «Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технология­лық ортаның, коммуника-
цияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу заман талабы деген ортақ ойға келді.

Мариям ИМАКАНОВА,
Қостанай қаласы ОКЖ «Западный» филиалы
құрылымдық бөлім меңгерушісі

Выпуск №