Мәңгілік елдің мәртебелі шаралары

Әлемдегі дамыған елдердің арасынан орнын ойып тұрып, ерекше атақ пен құрметке ие болып келе жатқан еліміз үшін үстіміздегі жылдың несібесі молынан.
Ата-бабамыз арман еткен мәңгілік елдің, қазақ жұртшылығының, мәдениетінің, салт-дәстүрінің әлемдегі елдерге танымал болуына, өзге елдің мәдениетін тану, халықаралық достастықты ынтымақ орнатуға ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің ықпалы зор болуда.
Осы қызу үрдісті тамашалауға көптеген елдерден туристер ағылып келуде. Өз отандастарымыз да қалыспауда. Өзімнің патриоттық сезімімді алға қойып, аталмыш көрмеге бару арқылы азаматтық міндетімді орындауды биылғы жаз мезгіліне жоспардың бір кезеңі ретінде қойдым. Шындығына келер болсам, кассадан өте беріп, өткізу бекетіне аяқ басқан кезде «ертегі әлеміне еніп кеттім бе?» деген ой туындап, бойымдағы бар дертті ұмытып, көтеріңкі көңілмен түрлі ұлт өкілдерін көріп, аздап танысып, ағылшынша тілек тілесіп, афро-американдықтардың «теңге» деген сөзін жаттап алғанын естігенімде халықаралық деңгейде мемлекеттік тілдің қандай да бір болмасын орын теуіп, өзге ұлт өкілдерінің өз елдеріне біздің «қазақшамен» оралатындығы санама келіп, бір қуаныш орнағандай.
Әрбір павильондарды аралап келе жатқанда еліміздің әлемге танылғаны шынымен сезіледі. Көшесінде кетіп бара жатып, жаңа туған сәбиден бастап-ақ сақалды аталар мен ақ самайлы, орамал таққан әжелерімізге дейін барып, тамашалаулары нұр үстіне нұр әкелуде. Күн сайын еліміздің білім ордаларынан топ-топ болып жүрген білім алушыларды аталмыш көрме қалашығында көргенде, еліміздің болашағын көркейтер жас ұрпақтың осындай бақытты күнді өз көздерімен көруі ертеңгі күннің жарқын болуына үкілеген үміт отын жақтырады екен.
Осы жылдың сегіз айын қорытындылайтын болсам, мен үшін рухани байытатын жыл болды. Себебі, мамыр айында қасиетті Торғай жерінде «Мәңгілік ел» патриоттық актісін орындау және жүзеге асырудың практикалық кезеңі облыстық конференция ретінде өткізіліп, соған біздің ауданнан қатысу мәртебесі білім бөлімінің әдіскері Гүлбаршын Бақытқызына, С.Баймағанбетов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мұғалімі Ғалия Хамитқызына және маған бұйырды.
Торғай өңірі әрқашанда өнерлі жастарымен және ерекше қонақжайлылығымен жұрттың жүрегінде есте қалады деп естуші едім. Мәңгілік елдің сонау 551 жыл бұрынғы қалпы мен көрінісін және 2017 жылғы егеменді еліміздің мәдениетін театрландырылған көрініске сыйдыртып, конференция қатысушылары мен тыңдаушыларына рухани сый көрсеткенінде Тор-
ғай жеріне, жұртшылығына деген қызығушылығыма үлкен құрмет сезімі қосылғанын айтып жеткізу мүмкін емес.
Шынымен де, елімізде рухани жаңару, мәдени, рухани жаңғыруға байланысты көптеген істер атқарылуда. Елбасы бастаған жобаларды париоттық іс-шаралармен жүзеге асыру арқылы жас ұрпақтың бойында ұлтына, мәдениетіне деген үлкен құрмет сезімдері бекиді деген ойдамын.

Әсемгүл АБУТАЛИПОВА,
№28 Құсмұрын ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі Әулиекөл ауданы

Выпуск №
Рубрика: Туған жер