Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата заңмен бекітілген соң, ХХІ ғасырдағы ел болашағының жарқын болуына, жаһандану дәуірінде қоғамның барлық салаларында дамушы саяси-экономикалық факторлардың жаршысы болып өз мүмкіндігін мойындатуына байланысты мемлекеттік тіліміздің қолдану кеңістігі барған сайын ұлғайып, қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналып келеді.

Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қыз-метте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет», – деп айтқан пікірі барша қазақ елінің нақты мақсаты болуға тиіс.

Тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа Жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуды басты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда да жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.

Анара СӘТБАЕВА,
Ленин ОМ қазақ тілі мен қазақ
әдебиеті пәнінің мұғалімі Федоров ауданы

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Әлеумет