«Менің елім – Мәңгілік ел»

IMG_3642Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылып жатқан «Менің елім – Мәңгілік ел» атты республикалық жастар акциясы Қостанайда да жалғасын тапты. Аталмыш игі бастама киелі Жетісу жерінен, атап айтсақ, Талдықорған қаласынан бастау алған болатын. Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінде өткен айтулы шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– «Тәуелсіздіктің жиырма бес шыңы – 25 жұлдызды күн» акциясы шеңберінде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл шараның мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе, жастар арасында ілгерілету, Тәуелсіз еліміздің дамуында барлық аймақтардағы жастардың қосқан үлесін және дәрежесін көрсету. Міне, бұл акцияға Қостанай жастары да үн қосып отыр. Жастар – біздің болашағымыз. Сіздердің аз ғана жетістіктеріңіз осынау «Мәңгілік Ел» жастарының кітабына еніп отыр. Жастардың толайым табыстарының арқасында ғана Ұлы Дала елін сақтап қала аламыз, – деді өңір басшысы өз сөзінде.
Акцияның негізгі символы «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» кітабына еңсе түзеген егемендік жылдары жастардың қол жеткізген табыстары, оларға жасалған қамқорлықтар, «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясы туралы пікір-үндеулер жазылуда.
Салтанатты жиын барысында Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин: – «Ширек ғасырды артта қалдырдық. Соншама аз уақыт емес. Десек те, бұл сонау 1986 жылғы үлкен алаңнан басталған қадам еді. Сол өздерің сияқты жастардың арқасында біздің көк туымыз БҰҰ төрінде ілініп тұр. Барлық ардагерлердің атынан сіздерді құттықтаймын», – деген тебіренісін жеткізді.
Мұнан соң Павлодар облысынан келген жастар көшбасшысы Максим Споткай шығып, акцияның маңыздылығымен бө-лісті. Талай додаларда оза шауып, облыстың абыройын асқақтатқан аймақ жастарының да еселі еңбектері ескерусіз қалмады. «25 жұлдызды күн» шарасының аясында өткен бейнероликтер байқауында жеңіске жеткен Нұрлан Қисықов, Анастасия Тянь, Арыс-тан Ұтбаев секілді жастарды облыс әкімі марапаттады.
Әр салада жемісті еңбек етіп, қоғамның дамуына ұшқыр білімі, білек күшімен өзіндік үлестерін қосып жүрген Тәуелсіздік құрдастары сахна төріне көтеріліп, Отанға деген сүйіспеншілігі мен жеріне деген құрметін жеткізді. Солардың бірі – Қарасу ауылшаруашылық колледжінде ұстаздық қызмет атқарып жүрген Антон Карпецті әңгімеге тарқан едік.

Мешіт ҒАЗИЗ

Выпуск №