Шырша тойы

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұстаздары өз оқушыларын І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртістері әзірлеген жаңажылдық кешке апарып, қуантты.

Театр әртістері дайындаған әртүрлі образдағы кейіпкерлердің көңілді бейнелері мен рөлдері оқушылардың жүрегіне жол таба алды. Жаңажылдық ғажайып әлеміне тап болған оқушылар да ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар өз тарапынан думанды кешке өте жақсы дайындалған. Түрлі костюмдер киіп гүлдей жайнаған оқушылардың жүзінен де ерекше қуаныштың ұшқыны білініп тұрды. Шәкірттерімізге ұмытылмас әсер алатын керемет кеш сыйлаған І.Омаров атындағы қазақ драма театры ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Келесі жылғы жаңажылдық қойылымды асыға күтеміз деген оймен оқушылар қимай қоштасты.

Нұргүл САДВАКАСОВА,
Ы. Алтынсарин атындағы
ДБАМИ директордың орынбасары Қостанай қаласы

Выпуск №
Рубрика: Толығырақ