Студенттік сара жол

Әр адамның өмірінде естен кетпейтіндей сәттері болады. Ғұмырдың өзі сәттерден тұрады десек, сондай тәтті бір кезең – студенттік шақтар. Сол себепті, «Емдеу ісі» мамандығының студенттерін қатарға қабылдауға арналған мерекелік жиын қарашаның 2 жұлдызында өткізілді. Бұл салтанатты шараның ұйытқысы – жоғарғы курс студенттері.

Биылғы жыл еліміз үшiн аса маңызды мерейлi мерекелерге толы. Ең бастысы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, облысымыздың 80 жылдығы, сүйікті қаламыз Арқалықтың 60 жылдық мерей тойларымен тұспа-тұс келуі жас толқынның бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін туғызуы ерекше көңіл күй сыйлады. Кеше мектеп қабырғасымен қош айтысып, бүгін студент атанып отырған жастарды құттықтаған Денсаулық сақтау ісінің үздігі, колледж басшысы Динагүл Қазбаева биылғы колледж табалдырығын аттаған 1 курс студенттерін осынау мерекемен құттықтады. «Әрбір оқу орнының өзіндік ерекшелігі, дәстүрі бар. Арқалық медицина колледжінің ерекшелігі – адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандарды тәрбиелеу.

Ж.Искакова,
Арқалық медициналық колледжі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Толығырақ