Түлектердің есімдері берілді

11,11,16Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 және ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай облыс орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың ұжымы ұйымдастырған тағылымы мол шараның куәсі болдық.

Білім ордасының ұстаздары мен шәкірттерін қуанышқа бөле-ген басқосу салтанатты жағдайда өтті. Мектептің даңқты түлектері, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ғылым Академиясының академигі Темірбай Дарқанбаев мен профессор, физика-математика ғылымдары-ның кандидаты Қабдеш Наурыз-баевтың есімдерімен арнайы зертхана мен сынып кабинеті ашылды.

Бұлардың екеуі де – қазақ халқының ғылымы мен рухания-тында ерекше орын алатын тұл-ғалар. Мектеп-интернатта ұйымдастырылған айтулы шараға қос даңқты жерлестеріміздің туған-туысқандары, оларды білетін азаматтар қатысты.

30-дан астам ғылым кандидаттарын дайындап, 230 ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 2 монография және 2 оқулық жазған профессор Т.Дарқанбаев атын-дағы зертхананы ашу мәртебесі немересі Тимур Серіковқа берілді.

Мешіт ҒАЗИЗ

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №