Тұлға – ел болашағы

Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық – өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз.

Жастарды толеранттылыққа тәрбиелеуде отбасындағы қарым-қатынастың рөлі ерекше. Толеранттылыққа қайшылықтардың (интоле-ранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық – шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицид туындайтыны – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

Бәтима ОСПАН,
Жданов ОМ математика пәнінің мұғалімі
Қостанай ауданы

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Әлеумет