Ыбырай мұралары мәңгілік

Қостанай педагогикалық колледжінде XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлы тұлғалардың бірі – Ы.Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай мұралары мәңгілік!» атты 2-курстар арасында сайыс өтті. Онда А-21, А-22, У-21, У-23, РТК-21 орыс топтары ұлы ұстаз мұраларынан қаншалықты хабардар екенін анықтау үшін сайысқа түсіп, білім таластырды.

Қазақ халқының дарынды перзенті Ыбырай Алтынсарин тарихта ерекше рөл атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты. Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, елінің мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай еңбек еткен нағыз патриот еді.

Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты.

Алтынгүл ЖАРМҰХАМБЕТОВА,
Қостанай педагогикалық колледжінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Әлеумет