Ыбырай оқулары

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, балалар әдебиетінің атасы, ұлы педагог Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай аудандық «Ыбырай оқулары-2016» байқауы болып өтті.

Аталмыш сайыста «Сөз иесі» номинациясы бойынша, Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұржан Жултаев қатысып, жүлделі 1-ші орынды иеленді. «Ыбырай оқулары-2016» байқауына оқушысын сапалы дайын-дағаны үшін, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлмекен Жұмағалиева алғыс хатпен марапатталды. Нұржанның шығармашылық жолына сәттілік тілеймін.

 

Ұзақбай ӘБДІҒАЛИ,
Н.Мейірманов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебінің педагог психологі
Амангелді ауданы

Рубрика: Толығырақ