Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау жұмыстары тұрақты назарда. Мәселен, Жданов орта мектебі аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, осы бағыттағы іс-шараларды жыл бойына өткізіп тұрады.

Білім ордасында оқу жылының басында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілері, ауыл округі әкімі мен учаскелік полиция инспекторы бірлесе отырып құқықтық тәрбие кеңесін құрды. Кеңестің басты мақсаты – шәкірттердің құқықтық санасын кеңейту, олардың ортасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тұру дайындығын қалыптастыру. Сондай-ақ, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу. Бұл тәрбие кеңесіндегі топ мүшесінің әрқайсысы белгіленген жұмыс мазмұнына жауапты болып тағайындалады. Мысалы, психолог, әлеуметтік педагог және белгіленген сынып жетекшісі оқу жылы басынан әр сыныптың оқушыларына психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын, жас ерекшелігіне сәйкес түрлі сауалнамалар мен диагностикалар жүргізеді.

Ғалия АМАНБАЕВА,
Жданов ОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қостанай ауданы

Мақаланың толық мәтінін газетте оқыңыз.

Выпуск №
Рубрика: Әлеумет